​Елімізде тұрғын үй құрылысының бағасы төмендеп жатыр

0
1 248

Тұрғын үйдегі шаршы метр 110 мың теңгеден 104 мың теңгеге арзандаған.


​Елімізде тұрғын үй құрылысының бағасы төмендеп жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстандық құрылысшылар тұрғын үй құрылысының өзіндік бағасын төмендетіп жатыр. Орташа есеппен жаңа тұрғын үйдегі шаршы метр 110 мың теңгеден 104 мың теңгеге арзандаған, деп жазады Tengrinews.kz Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Мысалы, Алматыда, мамандардың айтуынша, шаршы метрдің бағасы бір жылда 26,4 мың теңгеге төмендеген.

"Тұрғын үй құрылысы Қазақстан экономикасы өсімінің басты көздерінің бірі болып саналады. Соңғы жылда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестицияның көлемі 1 триллион теңгеден асты. Жекеменшік құрылысшылар инвестиция көлемін 29 пайызға көбейтсе, жеке құрылысшылар бұл көрсеткішті 41 пайызға көбейткен. Дегенмен инвестиция көлемі артып жатыр", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-қараша айларында сатып алу және сату бойынша жасалған келісімшарттардың саны 243-ке жеткені айтылады.