Елімізде туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар толықтырылды

0
297

Түзету жалғыз жаңалықты көздейді – туу туралы куәлікте реттік нөмір болуы керек.


Елімізде туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар толықтырылды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туу туралы куәліктерді қорғау талаптарын өзгертеді. Тиісті бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп жазады inform.kz.

Түзету жалғыз жаңалықты көздейді – туу туралы куәлікте реттік нөмір болуы керек.

Бұйрықтың қолданыстағы нұсқасында бланкіде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнеленуі көзделген;

* туу туралы куәлік бланкі қазақтың ою-өрнегі мен өрнектері қолданылған жиек жақтауынан және тордан тұрады (ауданның кемінде 30%-ы);

* өлшемі 250 микрометрден аспайтын микрошрифт түріндегі қорғау элементі, сондай-ақ гильошир элементтері;

* куәлік бланкі сутаңба және қауіпсіздік қосымшалары бар қағаздан жасалған. Басып шығаруда кемінде төрт түс пайдаланылады. Бұл жағдайда температураның әсерінен түсі мен қанықтылығын өзгертпейтін, түстердің қайталануына жол бермейтін қоспалармен арнайы пастель бояуларын қолдану қажет;

* бланк мұқабасы қатты болуы керек;

* туу туралы куәлік бланкінде жеті таңбалы нөмір бар.