Елімізде жас кәсіпкерлердің саны 15%-ға артты

0
451

​Сонымен қатар, әйелдер басқаратын 10 компанияның 6-сы еліміздің үш мегаполисінде шоғырланған.


Елімізде жас кәсіпкерлердің саны 15%-ға артты

ERNUR.KZ. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 10,2 мың заңды тұлға тіркелді, олардың иелері 100% 29 жасқа дейінгі әйелдер. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz.

Осы компаниялардың 83%-ы жұмыс істейтін мекемелер. Онда 8,5 мың заңды тұлғалар еңбек етеді. Бір жылда көрсеткіш 14,2% өсті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған 7,6 мың кәсіпорын қалада, 853-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Өңірлер бойынша әйелдерге тиесілі жұмыс істеп тұрған компаниялардың көбі Алматыда орналасқан – 2,4 мың компания. Бұл бір жыл бұрынғыдан 14,5%-ға артық. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан (2000 компания, + 10,1%) және Шымкент (650 компания, + 23,1%) өңірлер үштігіне енді. Кәсіпкерлердің басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда, автокөлік жөндеуде жұмыс істейді. Бұл салада 3 мың компания бар. Көрсеткіш жылына 11,7% өсті.

Негізгі салалардың ішінде екінші орында құрылыс (984 кәсіпорын, жылына + 5,5%), үшінші орында – білім беру (612 кәсіпорын, + 21,4%) секторы тұр. Сонымен қатар, ТОП-5 салаға кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, сондай-ақ әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету салалары кіреді.