Еліміздегі 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
683

Синоптиктер 11 өңірде дауылды ескерту жариялады.


Еліміздегі 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 тамызда Нұр-Сұлтан мен бірнеше аймақта қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 тамыз күндіз Ақмола облысында 35-36 градус ыстық болады деп күтіледі. Нұр-Сұлтанда 3 тамыз күндіз солтүстік-шығыстан келетін желдің күші 15-18 метр секунд болады деп күтіледі.

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 метр секунд күтіледі. Күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Ақтөбе облысында күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың батыс бөлігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі, оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласында күндіз найзағай, бұршақ, жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз басым бөлігінде солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 18-23 м/с. Күндіз шығысында 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қаласында Күндіз 3 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Күндіз жел солтүстік-батыстан соғады, күші 17-22 м/с күтіледі. Ақтау қаласында күндіз 03 тамызда найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 17-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанайда күндіз 03 тамызда 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде 35°С қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Павлодарда күндіз 03 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.