Шілдеден бастап Air Astana әуе компаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып келеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Тамыздың үшінші онкүндігінде Air Astana әуе компаниясына (құрылымдық бөлімшесі – Fly Arystan әуе компаниясы) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.
Ал шілдеден бастап Air Astana әуе компаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды.
«SCAT әуе компаниясы рейс кідірген кезде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуе компаниялары жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиаия комитетінің хабарламасында.
Комитет жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының жолаушылар құқықтарын сақтау бөлігіндегі талаптарын ұстанады. Тасымалдаушылар тарапынан заңбұзушылық фактілері қайта анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады.