Еліміздің 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

0
695

Кей жерлерде бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрады.


Еліміздің 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» орталығы мамандары Қазақстан бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


17 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20, 23 метрге жетеді.

Ақмола облысында жаңбыр жауып, жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 15-20 метр.

Ақтөбе облысындажелдің күші секундына 18 метр болады, екпіні 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысынданайзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жамбыл облысында жылдамдығы секундына 23-28, 30 метр және одан қатты жел тұруы ықтимал, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан облысындажелдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қарағанды облысында нөсер жаңбыр жауып, екпіні секундына 15-20 метр, жылдамдығы секундына 23-28,30 метрге жетеді және одан да күшті болуы ықтимал.

Қостанай облысында тұман түсіп, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұраы, желдің екпіні секундына 15-20, 23 метр болады. Күндіз өрт қаупі өте жоғары болады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр жел тұруы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысындакей жерлерде нөсер жаңбыр жайып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жауады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді.