Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

0
1 213

Батыста 35-38 градус аптап ыстық, ал орталықта сынап бағаны минус 2 градусты көрсетеді.


Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

"Қазгидромет" орталығы мамандары 20 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында ауа-райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Жауын-шашынның арасында бұршақ түсуі ықтимал, бұршақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Өскеменде дауыл болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрді құрайды. Семейде де дауыл болады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 18 метрді құрамақ.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерінде 35-38 градус аптап ыстық болады. Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градусқа дейін сынап бағаны төмендеп, үсік жүреді.

Ақмола облысында түнде кей жерде сынап бағаны минус 2 градусты көрсетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Түркістан облысында кей жеріне шаңды дауыл соғылады деп күтіледі. Бұл өңірдің шығыс аймағында жел екпіні секундына 15-20, күндіз 23 метр жылдамдықпен шаңдатады. Шымкент пен Түркістан қалаларында қатты жел тұрады деп күтіледі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 15-20, кей жерлерде екпіні 23 метр жылдамдықпен құйындатады. Қызылордада шаңды дауыл қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м /с. Кей жерлерде 40 градус ыстық болады деп күтілуде.

Ақтауда 20 маусымда күндіз 38 градус ыстық болады.

Дауылдың болу ықтималдылығы 85-100% құрайды.