Еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады

0
845

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады.


Еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады

29 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ орын алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктайғақ салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!