Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды - Тоқаев

0
498

Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды.


Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды - Тоқаев

Былтыр елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті.

Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады
», - деді Мемлекет басшысы.