Елімізге қаңтарда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы әкелінеді

0
548

Елімізде 9,2 миллион адам қайта вакциналаудан өтуі керек.


Елімізге қаңтарда

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізу бойынша келіссөз туралы айтты. Бұл вакцина тұрғындарды қайта вакциналау үшін қолданылады, деп жазады Stan.kz.

"Жеткізушілермен келіссөздер күнделікті жүреді. "Спутник Лайт" бойынша келіссөз аяқталды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның сөзінше, 2022 жылдың 1 тоқсанында 1 миллион доза жеткізілуі керекң. Оның 150 мың дозасы қаңтар айының басында әкелінеді.

Елімізде 9,2 миллион адам қайта вакциналаудан өтуі керек. Оның 400 мыңы вакцинаның үшінші дозасын алған.