Елімізге Түркиядан құнды құжаттар әкелінді

0
812

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықовдың айтуынша, іс-сапар кезінде табылған құнды қолжазбалардың бірі – XIV ғасырда алтын әріптермен жазылған Алтын Орда ханы Өзбек ханға тиесілі Құран.


Елімізге Түркиядан құнды құжаттар әкелінді

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Түркияда іссапарда болып, Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді алып келді, деп жазады zakon.kz.

Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Османлы архивінің қорын зерттеу барысында 27 қордан, 248 іс, Сүлеймания мешіті медреселерінде құрылған кітапханада 106 топтамада 70 мың томға таяу жазба, 120 мың томдай баспа ескерткіштер жинақталса, Сүлеймания кітапханасында қа­зақ жерінен шыққан ортағасырлық авторлардың 19 еңбегі анықталып, көшірмесі алынды.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықовдың айтуынша, іс-сапар кезінде табылған құнды қолжазбалардың бірі – XIV ғасырда алтын әріптермен жазылған Алтын Орда ханы Өзбек ханға тиесілі Құран.

Сонымен қатар ғылыми іссапар барысында ақын Зейнел Сүрмелінің ұлы Махмуд Сүрмелі Ұлттық орталық қорына көзінің қарашығындай сақтаған әкесінің түпнұсқа қолжазбаларын, сол замандағы бүкіл әлемдегі қазақ қауымдастығымен алмасқан хаттары мен өзінің 1500 өлең жолын ресми түрде тапсырды, - деді ол.