Жеке тұрғын үйде тұрып жатқан екінші отбасы уақытша баспанаға көшірілді.
ERNUR.KZ. Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі, деп жазады kaz.inform.kz.
«Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жеке екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Сонымен қатар материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Жеке тұрғын үйде тұрып жатқан екінші отбасы уақытша баспанаға көшірілді.
«Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп толықтырды әкімдіктен.