​Елорда прокуратурасы жас спортшылардың құқықтарын қалпына келтірді

0
811

Кәмелетке толмаған спортшыларды спорт мектебінің басшылығы оқудан шығарған.


​Елорда прокуратурасы жас спортшылардың  құқықтарын қалпына келтірді

Астана қаласының прокуратурасы спорт мектебі оқушылары ата-аналарының жолданымын қарау барысында «Нұра» ауданының прокуратурасы заңсыз шығару дерегін анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кәмелетке толмаған спортшыларды жыл сайынғы бақылау- аударма нормативтерін тапсыра алмағаны үшін спорт мектебінің басшылығы оқудан шығарған.

Қадағалау актісі негізінде жас спортшылар спорт мектебіне қайта қабылданып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.