Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады.
Елордада 17 және 22 тамыз аралығында даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival іс-шарасы қайта жанданады. Авто-кинотеатр аумағына келушілер санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, деп хабарлайды ERNUR.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған іс-шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтеді.
Фестивальде қала тұрғындары мен қонақтары дала кинотеатрын тегін көре алады және шетелдік немесе отандық кино картиналарды тамашалай алады.
«Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық норманы ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы керек, әлеуметтік арақашықтықты ұстанған жөн», - деді ұйымдастырушылар.
Іс-шара 6 күнге созылады және әр күн сайын 2 көрсетілімнен жүріп отырады. Бірінші көрсетілім сағат кешкі 20:30-да басталса, екінші көрсетілім сағат 22:30-да басталады.