Зардап шеккен балалардың үлкені 12 жаста, ал ең кішісі бір жасқа да толмаған.
ERNUR.KZ. Қазір балалардың жағдайы орташа, деп жазады 24.kz.
Төтеншеліктердің айтуынша, балаларды дер кезінде құтқарған. Отбасы елорда маңындағы саяжайдың біріне қыркүйекте көшіп келген. Барлығы көк түтінге уланып орташа жағдайда ауруханаға түскен.
Оқиға бүгін таңғы сағат 07:40-та саяжайдағы уақытша құрылыстардың бірінде болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы мәлімдеді.
Әйгерім Райымқұлованың айтуынша, зардап шеккен балалардың үлкені 12 жаста, ал ең кішісі бір жасқа да толмаған. Көп балалы отбасы елордаға бір айдан астам уақыт бұрын Қызылорда облысынан көшіп келген.