Елордада этномәдени бірлестіктердің ұлттық ойындары өтеді

0
1 305

Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.


Елордада этномәдени бірлестіктердің ұлттық ойындары өтеді

ERNUR.KZ. 20 тамызда Достық үйінде ұлттық үстел ойындары фестивалі өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда тұратын этностардың мәдени салт-дәстүрлерімен танысу, ұлттық ойындарды дәріптеу, жастардың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру.

Фестиваль қатысушылары назарына әртүрлі бағдарлама ұсынылады. Көрермендер этникалық орталықтардың «Мэмо», «Хато», «Экият», «Ур» және «Дрендел» сынды ұлттық ойындарын тамашалайды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша этномәдени бірлестіктер командаларының спорттық шеруін өткізіледі. Қазақтың ұлттық ойынының бірі - асық атудан шеберлік сабағы өткізілетін болады.

Фестивальге этномәдени бірлестіктердің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның жастар қанаттары, қоғам қайраткерлері, «SOS Kinderdorf» балалар ауылының тәрбиеленушілері, елорда тұрғындары мен қала қонақтары қатысады.