Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, бойжеткеннің суға секіріп кеткенін айтқан.
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Елордада иттің арқасында 21 жастағы бойжеткен аман қалды, деп жазады ktk.kzПолицияға елорда тұрғыны хабарласып, бойжеткеннің суға секіріп кеткенін айтқан.
Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілген. Белгілі болғандай, таңғы сағат 11:00 шамасында әйел Фиалка атты итімен бірге Еуразия университетіне қарама-қарсы Пушкин көшесінің бойымен серуендеп жүрген. Бір кезде оның иті мазасыздық танытып, әйелді жұлқылай бастаған. Әйел иті шақырған жаққа барған кезде бойжеткеннің өзенге секіріп кеткенін көрген. Қуанышқа орай, осы маңды Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының инспекторы, полиция майоры Қанат Әбдіқалықов тексеруге келген. Ол жерде жол белгілерін орнату жұмыстары жүріп жатқан. Абыржыған әйел оған көмек сұрап барған.
«Полицейлер ЖШС жұмысшыларымен бірге оқиға орнына жүгіріп барған. Осы кезде бойжеткен қимылсыз етпетімен суда жатқан. Ер адам мұздай суға сүңгіп, қызды алып шықты. Жағалауда полиция қызметкерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бойжеткен есін жиып, жедел жәрдеммен кетті», - делінген хабарламада.
Полицейлер 21 жастағы бойжетеннің неліктен бұл әрекеткен барғанын анықтап жатыр.