Елордада карантин күшейтілуі мүмкін

0
494

15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр. Бірақ өткен аптада Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекцияcын жұқтырғандар саны артты.


Елордада карантин күшейтілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан тағы да коронавирус инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа өтуі мүмкін. Санитар дәрігерлер шамалы өсім болғанын жеткізді. Жақында карантинді күшейту шараларын қолдану туралы түпкілікті шешім белгілі болады, деп жазады sputnik.kz.

15 желтоқсаннан бастап елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының "жасыл" аймағында тұр.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бүгінде коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан қаласында репродуктивті сан RT-0,993-ке жеткенін хабарлады. 1,0 көрсеткішіне өте жақын, одан асып кеткен жағдайда қала "сары" аймаққа көшеді. RT репродуктивті саны коронавирус таралуы бойынша аймақтарға бөлу талаптарының бірі болып саналады.