Елордада көпір салған құрылысшылардың жалақы қарызы толық өтелді

0
1 097

«Рязанов А. атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС басшылығы жауапкершілікке тартылады.


Елордада көпір салған құрылысшылардың жалақы қарызы толық өтелді

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында кеше көпір құрылысымен айналысып жатқан жұмысшылар жалақыларының уақытында төленбеуіне байланысты аштық жариялаған болатын. Бүгін қалалық әкімдіктің тапсырмасымен бұл мәселе оң шешімін тапты, деп жазады Елорда Инфо.

«Рязанов А. атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС Ұлы дала көшесі бойында Нұра-Есіл каналы арқылы және Есіл өзені арқылы екі көпір салып жатыр.

«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мәліметінше, серіктестіктің ішкі мәселелеріне байланысты жұмыскерлерге 6,5 млн теңге көлемінде жалақы уақытылы төленбеген.

«Қазір аталған компанияның бас директоры Тимур Нақұсов 33 жұмысшының екі жарым айдағы жалақы қарызын толығымен өтеді», - деді «Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ басшысы Нұрлан Солтамбеков.

Қала әкімшілігі «Рязанов А. атындағы №25 көпір құрылысы отряды» ЖШС басшылығын жауапкершілікке тартады.