Елордада "Менің атым Қожа" фильмінің бас кейіпкеріне ескерткіш қойылды

0
1 057

​Астанадағы Жетісу саябағында Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Менің атым Қожа" фильмінің бас кейіпкері - Қожаға ескерткіш орнатылды.


Елордада

ERNUR.KZ. Бүгін балалар күні мерекесіне орай ескерткіштің салтанатты ашылуы болды, деп жазады exk.kz.

Ескерткіштің жалпы биіктігі 1 метр 83 сантиметр. Гранит және қола материалдардан жасалған. Мүсінші — Талапхан Азамат, ал идея авторы — Мұрат Қожамқұлов.

Журналист-жазушы Жанболат Аупбаев республикалық басылымдардың біріне "Менің атым Қожа" кітабының кейіпкеріне ескерткіш қою керек" деген мақала жазған. Осыдан кейін бұл іс қолға алынып, бүгін тұсауы кесілді.

"Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы — балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев. Ол украин, француз, литва, латыш, өзбек, орыс тілдеріне аударылған. Ал 1963 жылы осы шығарма бойынша жазылған киносценариймен аталған фильм экранға шықты.