Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 46 жастағы азаматын ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.
Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұрлық жасалған дәмханада аспаз болып жұмыс істеген.
«Тергеу барысында күдіктінің бұрын дәмханада аспаз болып жұмыс істегені, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында ғимаратқа кедергісіз кіре алатыны белгілі болды. Осы жағдайды пайдаланып, ол таңғы сағат 05.30-да ол дәмханаға кіріп, Лотоматик терминалын талқандаған. Богарка құралының көмегімен терминалдың артқы жағын кесіп, ішіндегі 270 мың теңгені алғаннан кейін ақшан демалыс бөлмесіне тығып, жұмысқа кіріседі. Таңертең дәмхана иесі ақтарылып жатқан терминалды көріп, иесі полицияға жүгіндген», - еп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
«Байқоңыр» ауданының сақшылары күдікті ұстап, ұрланған ақша тәркіленген.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған адамның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - деп жазылған ресми мәліметте.