Елордада такси жүргізушісі көлігімен сырғанаққа шықпақ болды (видео)

0
2 309

Сырғанаққа келгендер жүргізуші өзгенің, әсіресе балалардың өміріне қауіпті іс жасағанын айтуда.


Елордада такси жүргізушісі көлігімен сырғанаққа шықпақ болды (видео)

ERNUR.KZ. Елордадағы Триатлон паркте такси жүргізушісі көлігімен сырғанақтың биігіне шықпақ болды, деп жазады 24.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнероликті жұрт жаппай сынға алып жатыр. Тіпті кейбіреуі мүмкін мұз басынан қымбат тапсырыс түскен болар деп әзілдеген.

Алайда жүргізушінің ерсі қылықты не үшін жасағаны да, діттеген жеріне жеткен-жетпегені де белгісіз. Сырғанаққа келгендер жүргізуші өзгенің, әсіресе балалардың өміріне қауіпті іс жасағанын айтып, жазалануы тиіс деген пікірде.