Елордада вирус инфекциясы мен тұмауға қарсы екпе салу басталды

0
668

Биыл жедел респираторлы вирус инфекциясы мен тұмау, коронавируспен бірге асқынуы мүмкін.


Елордада вирус инфекциясы мен тұмауға қарсы екпе салу басталды

ERNUR.KZ. Елордада жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмауға қарсы екпе салу басталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Биыл жедел респираторлы вирус инфекциясы мен тұмау кезінде коронавируспен асқынуы мүмкін, осыған байланысты дәрігерлер алдын-ала денсаулыққа мән беру қажеттігін ескертеді.

Елорда тұрғындары жедел респираторлы вирус инфекциясына және тұмауға қарсы екпе ала алады. Ол үшін пациент өзі тіркелген емханаға жүгінуі керек. Препарат кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді.

«ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі әдісі - антидене қалыптастыратын вакцина. Денедегі қорғаныс агенттері вирусты жояды. Бұл әдіс алдын ала қолданылуы керек. Сондықтан Нұр-Сұлтанда 4 қыркүйектен бастап ресейлік вакцина пайда болды. Біз ЖРВИ мен тұмау өршігенге дейін, бұл препаратты уақтылы алуға кеңес береміз. 0,5 шприцке құйылған дайын екпе иықтан бұлшықетке салынады», - деп атап өтті №10 қалалық емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Жанкүміс Шайхислямова.

Вакцинаны алты айлық балаларға да қолдануға болады. Препарат тауық ақуызына аллергиясы бар адамдарға ғана рұқсат етілмеген.

Маска тағу арқылы респираторлы вирустық аурулардың алдын алуға болады. Бұл жағдайда оны ауру да, сау да кию керек. Үй-жайларды,әлеуметтік мекемелерді, кеңселерді жиі желдету керек.

«Сондай-ақ, қолыңызды сабынмен жиі жуып, дезинфекция ерітіндісін қолдануды ұсынамын. Қолды жуу тек ішек инфекциясынан ғана емес, сонымен қатар вирус инфекциясы мен тұмаудан да қорғайды. Мұрын қуысын әлсіз тұзды ерітіндімен жуу да көмектеседі. Мұрынды жуу ыңғайсыз болғандықтан, кейде майлы эмульсия қолданылады. Мысалы, «оксолин майы», оның күші әлсіз болғанымен де, ағзаға вирустың таралмауына ықпал етеді. Вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабаты арқылы енеді, сондықтан оларды жиі шайып тұру керек», - деп түсіндірді дәрігер.