Полиция мәліметінше, жол апатына Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі себепші болған.
ERNUR.KZ. Таңертең Нұр-Сұлтан қаласының Түркістан көшесінде жеті көлік соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.
Полиция мәліметінше, жол апатына Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі себепші болған.
Көлік иесі рөлге ие бола алмай алдында келе жатқан KIA Cerato көлігімен соқтығысты. Салдарынан тізбекпен келе жатқан бес көлік бірінің артына бірі соғылды.
"Төрт көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полициядағылар.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.