Елордадан Сенат депутатын сайлауда Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады

0
583

Дауыс беруге қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысты.


Елордадан Сенат депутатын сайлауда Ақылбек Күрішбаев көп дауыс жинады

ERNUR.KZ. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Сенат депутатын сайлау өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Елордадан еліміздің жоғарғы заң шығарушы органының жоғары палатасына үш кандидат тіркелген болатын. Таңдаушы мәслихат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде Ақылбек Күрішбаев 15 дауыс жинады.

Ал қалған екі кандидат Мәулен Самамбетов пен Мейрамбай Оралов 2 және 3 дауыс қана жинай алды. Дауыс беруге қалалық мәслихаттың 21 депутатының 20-сы қатысты.