Елордалықтар балконда Қазақстан Туын іле бастады

0
1 892

Челленджде сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысуда.


Елордалықтар балконда Қазақстан Туын іле бастады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында астаналықтар «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджіне жаппай қолдау білдіруде, деп жазады ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің жариялаған ақпаратына сәйкес, қала тұрғындары акцияны қолдап, балкондарында Мемлекеттік Туды іле бастады.

«Бүгін біздің бәріміз бірігіп, Отанымызға деген құрметімізді білдіріп жатырмыз! Мұндай сәттерде бойымыздағы бірыңғай рух, патриотизм айқын байқалады. Мен қазақстандықтардың бәрін Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Халқымыз өркендеп, гүлдене берсін», - деді қала тұрғыны Ұлжан Мырзагелдиева.

Челленджде сонымен қатар Үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкілдері қатысуда. Осылайша қалалықтар қазақстандықтарды алдағы ұлы мейраммен құттықтап, акцияға үн қосуға шақырады. Жазба, фото немесе видеоны #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина хештегімен жариялау арқылы белсенділікті әлеуметтік желі арқылы да көрсетуге болады.