Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады

0
719

Енді еліміздегі волонтерлықпен айналысатын студенттердің жеңілдігі көбейеді.


Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады

ERNUR.KZ. Волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Еріктілерге жан-жақты қолдау көрсету керек. Менің тапсырмам бойынша оларға арнайы жеңілдіктер ұсынылады. Мысалы, енді волонтерлік жұмыс еңбек өтілі болып есептелінеді», - деді Мемлекет басшысы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті волонтер студенттерге қосымша шәкіртақы берілетіндігін немесе пән кредиттерін жабуға рұқсат етілетіндігін айтты.

«Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Осыған орай әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Әр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Одан бөлек, әкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырдым. Еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.