"Еңбек-Қызылжар" РМК басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

0
485

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.


ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек-Қызылжар" РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті, деп жазады sputnik.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 23 тамызда "Еңбек-Қызылжар" РМК филиалының басшысын жеке кәсіпкерден пара алып жатқан кезде ұстады.
"Ол сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кедергісіз қол қойғаны үшін ірі сома талап еткен", - деп нақтылады Антикор.
Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Кінәсін толық мойындағанын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеуді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Ұсталған шенеуніктің кінәсінің дәрежесін сот анықтайды.