Еңбек министрлігі барлық өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді

0
1 529

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.


Еңбек министрлігі барлық өңірде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді

ERNUR.KZ. Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелері өтеді, деп жазады zakon.kz.

Онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өзіне қажетті мамандарды онлайн форматта табуға мүмкіндік беріледі. Әр жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.

Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.

"Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те түрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп, оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысты. Онлайн-жәрмеңкеге белсенді қатысуға шақырамыз!" - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің хабарламасында.