Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.
ERNUR.KZ. 18 жасқа толмаған балалардың TikTok желісін пайдалану уақыты шектеледі. Бұл туралы TikTok-тың ресми сайтында жарияланды, деп жазады stan.kz.
Жақын арада 18 жасқа толмаған қолданушылардың TikTok желісінде отыру уақыты қысқарады.
“Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды. Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.