Енді борышкерлер ипотекамен алған мүлкін төлей алмаса оны сатылымға қоя алады

0
1 264

Ипотекамен алынған кепіл мүлікті борышкер төлей алмаса оны үш айдың ішінде сатып, қарызды жабуға мүмкіндік беріледі.


Енді борышкерлер ипотекамен алған мүлкін төлей алмаса оны сатылымға қоя алады

ERNUR.KZ. Ипотекамен алынған кепіл мүлікті борышкер төлей алмаса оны үш айдың ішінде сатып, қарызды жабуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Алматы қаласы Жылжымайтын мүлікті тіркеу басқармасының басшысы Нұрбол Мыңғожаев бүгін өткен брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, 2019 жылдың 21 қаңтарында Меншік құқықтарын қорғау, күшейту бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулермен, толықтырулар енгізілген. Енді азаматтар ипотекамен алған мүлкін ары қарай төлей алмаса оны өздері қалаған бағаға сатып, банк алдындағы қарызын өтей алады.


«И ипотекамен алынған кепіл мүлікті борышкер төлей алмаса оны үш айдың ішінде сатып, қарызды жабуға мүмкіндік беріледі. Егер сол үш айда сатып үлгермесе Банкпен бұл мерзімді ұзартуға келісімге келе алады. Яғни, тұрғын ипотекаға алған үйін өзі қалаған бағаға сата алады»,-дейді ол. Бұрын клиенттер ипотекасын төлей алмаған жағдайда Банктер мүлікті аукцион арқылы өздері сататын не болмаса өз атына аударып келген. Осы мәселе бойынша көптеген даулар туындау себебінен Үкімет осындай қадамға барған.

Сондай-ақ ол, жаңа Заң бойынша Банктердің уақытылы төленбеген жағдайда қосатын үстемеақы мерзімі қысқарғанын айтты.

«Бұрын борышкер төлемді көп уақыт кешіктірсе сол мерзімге қарай үстемақы қосылып келді. Енді бұл мерзім 180 күннен артық болмау керек. Егер одан асса оған үстемеақы қосылмайды. Ары қарай төлемей созып жүре берсе онда мүлікті сату рәсімі басталады. Бұл тек ипотекалық мүліктерге ғана қатысты. Өйткені көптеген адамдар қарызын төлей алмай қиын жағдайға түсіп жатыр, бұл мәселе сол азаматтардың құқығын қорғау мақсатында жасалып отыр»,-деді Нұрбол Мыңғожаев.

Ол сонымен қатар, нотариусте жасалатын келісімшарттағы ақша аудару мәселесіне де өзгерістер енгізілгенін айтып өтті.

«Бұрын тараптар ақшаны қолма-қол беретін немесе Банк арқылы аударатын. Енді мүлікті сатушы мен алушы нотариуске барғанда өз заттарына кепіл әрі сенімді болу үшін ақшаны нотариустың депозитіне аударады. Келісімшарт тіркеліп болғанан кейін сатушы ақшасын нотариустың депозитінен шешіп алады. Бұл тараптардың бір-біріне деген кепілдігі. Өйткені бұл мәселеде де көптеген дау туындаған»,-деді ол.

Тағы бір маңызды өзгерістердің бірі мемлекеттің қажеттілігіне байланысты тәркіленетін жер телімдері. Енді мемлекет қажеттілігіне алынатын жер телімдері нарықтық бағамен алынады немесе сол бағаға тең келетін жер беріледі екен.

«Бұл жер телімдерін тәуелсіз сарапшылар бағалайды және сол бойынша құны төленеді»,-дейді басқарма басшысы.