Енді жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасына қаржы құймаймыз – Скляр

0
688

Бұл бағдарламаның айналымында қазір үкімет салған 188 млрд теңге бар.


Енді жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасына қаржы құймаймыз – Скляр

ERNUR.KZ. Үкімет жеңілдетілген несиемен көлік алу бағдарламасына енді қаражат салмайды. Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін журналистердің сұрағына жауап бере отырып Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет бұл бағдарлама үшін бюджеттен 88 млрд теңге, утилизациялық алымнан жиналған қаражаттан 100 млрд теңге ақша алып салған еді.

«Осылайша, бағдарламаның айналымында 188 млрд теңге жатыр. Бағдарламаға деген сұраныс, әрине, жоғары, бірақ оған салған осы 188 млрд теңге жеткілікті. Алдағы уақытта біз бұл бағдарламаға ақша құймаймыз. Өйткені, үкіметтің атқаратын басқа да маңызды міндеттері бар. Бағдарлама орындалды деп санаймын», - деді Скляр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 6 ақпанда осы бағларламаға өтініш беру ашылған болатын. Бірақ өкініштісі, бағдарлама басталмай жатып, сынға ұшырады. Өйткен, жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына өтінім беру небәрі 18 секундта аяқталып, көп азамат өтініш беріп үлгермегенін айтады.