Премьер-министр эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстап, вакцинациялауды жалғастыру керек екенін айтты.
ERNUR.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Бір ай ішінде барлық өңірде аурудың таралу деңгейі айтарлықтай төмендеді. Алматы мен Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстары әлі де "қызыл" аймақта", - деді Мамин үкімет отырысында.
Премьер-министр эпидемиологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстап, вакцинациялауды жалғастыру керек екенін айтты.
"Қазіргі уақытта бірінші компонентті 7,5 миллионнан аса адам алды, ал екінші компонентті - 6,4 миллион адам. Сонымен қатар тұмау мен басқа респираторлық инфекцияларға қарсы профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар қабылдануы тиіс. Тұмауға қарсы 2,5 миллион вакцина дайындалды. Халықты тұмауға қарсы вакцинамен қамтамасыз ету керек. Медициналық ұйымдардың тұмаумен ауыратындарды қабылдауға дайындығын жақсарту қажет", - деп қосты Мамин.