Ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылды.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылынан волонтерлік қызметпен айналысатын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға артпақ . Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
"Бүгіннің өзінде министрлік «Студенттік бастама» волонтерлік қозғалысын құру және жас волонтерлер базасын қалыптастыруды көздеп отыр. Студенттерді құрылыс отрядтарына тарту мәселесі пысықталды. Студенттер жазғы демалыс кезінде құрылыс жасақтарында жұмыс істей бастады", - деді ол.
Министрдің айтуынша, ерікті қоғамдық пайдалы қызметке тартылған студенттердің үлесін арттыру бойынша «Әлеуметтік студенттік несие» жобасы іске қосылды.
«Жаңа оқу жылынан бастап балалар үйлерінде, арнайы мектептерде, қарттар үйлерінде және басқа да мекемелерде волонтерлік қызметпен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға арттырылады деп жоспарлануда», - деді Дәурен Абаев.