Каналдың алғашқы бағдарламасында Ерлан Қарин маңызды сұрақтарға жауап береді.
ERNUR.KZ. ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің жұмысы туралы ақпарат беріп отыратын Youtube-канал ашты, деп жазады ҚазАқпарат.
Каналдың алғашқы бағдарламасында Ерлан Қарин «Ұлттық кеңес қалай және қашан құрылды? Оның құрамы қалай анықталды? Ұлттық кеңестің маңызы неде?» деген сияқты сұрақтарға толыққанды жауап береді.
«Бірқатар әлеуметтік желілерден Ұлттық кеңестің күнделікті жұмысы туралы әңгімелейтін парақшалар ашылған. Дегенмен бізге әлі де көп сұрақтар қойылып жатыр. Мысалы «Ұлттық кеңес мүшелеріне жалақы төлене ме?» деген сұрақ қойылды. Және «ол Парламенттің жұмысын қайталамай ма?» деген мәселе де желіде қызу талқыланды. Сондықтан біз Ұлттық кеңестің жұмысы, қазіргі бағыты туралы жан-жақты мәлімет беруді жөн көрдік», - дейді Ерлан Қарин.