Ермек Тұрсыновтың жаңа туындысы халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

0
1 194

"Шырақшы/Хранитель" туындысын "Казаxфильм" мен "ТурсуновФильм" компаниясы бірлесіп түсірген.


Ермек Тұрсыновтың жаңа туындысы халықаралық кинофестивальде көрсетіледі

ERNUR.KZ. "Шырақшы/Хранитель" көркем фильмі 15-24 маусым аралығында өтетін XXIIШанхай халықаралық кинофестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Қазақстандық фильм осы фестивальдің негізгі конкурсына қатысуы біздің кино тарихындағы алғашқы оқиға (2013 жылы "Панорама" конкурстан тыс бағдарламасында "Студент" Дарежан Өмірбаевпен Ермек Аманшаевтың "Параллельді әлем" көрсетілген). Халықаралық қазылар алқасы атақты түрік кинорежиссері, Канн кинофестивалінің Алтын пальма тармағының лауреаты Нұри Білге Джейлан басқарады.

Аталған туындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Казаxфильм" мен "ТурсуновФильм" компаниясы бірлесіп түсірген.