Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

0
251

Барлық электр станциясы жылу беру маусымына дайын, дейді министрлік.


Ертең тағы үш облыста жылу беріледі

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу беру маусымы басталып кетті. Ал 1 қазаннан жылу беру маусымы Абай, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2024 жылға бекітілген жөндеу кестесі аясында 10 энергоблокта, 55 қазандықта және 45 турбинада күрделі жұмыстар жоспарланған. Қазір 4 энергоблокта, 22 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 энергоблоктың, 32 қазандықтың және 28 турбинаның жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Барлық электр станциясы жылыту маусымына дайын, негізгі жабдықтармен, соның ішінде қазандықтармен және турбиналармен қамтамасыз етілген. 2024 жылы АЭК-тің (электр желілерін тарату компаниялары) электр желілерінде 20,8 мың км электр беру желісін, 422 қосалқы станцияны және 4054 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеу көзделген. Қазірдің өзінде 19,9 мың км электр желісі, 376 қосалқы станция және 4046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станция жөнделді. Жылумен қамту саласында биыл 546 км жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта 516,3 км жылу желілері жөнделді, бұл жылдық жоспардың 94,6 пайызын құрайды», - деді Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Энергия көздерінің қоймаларында 5,2 млн тонна көмір мен 89 мың тонна мазут бар. Бұл жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесі Ресей және Орталық Азия елдерінің энергетикалық жүйелерімен қатарлас жұмысын жалғастыра отырып, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп атап өтті ведомство.