Ертіс өзеніне 12 жастағы қыз бала суға батып кете жаздады

0
614

Оқиға жағадан 15 метр қашықтықта болды


Ертіс өзеніне 12 жастағы қыз бала суға батып кете жаздады

ERNUR.KZ. Абай облысында суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, бүгін Семей қаласында Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында жағадан 15 метр қашықтықта батып бара жатқан 2012 жылы туған қыз баланы құтқарып, судан шығарды.

«Қазіргі уақытта құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
ТЖМ азаматтарды суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.