Есік көшелерінің бірінде ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

0
582

Ер адам болжам бойынша 1995 жылы туған тұрғынға бірнеше пышақ жарақатын салған.


Есік көшелерінің бірінде ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

ERNUR.KZ. 4 шілдеде Алматы облысының Есік қаласында адам өлтіру оқиғасы анықталды, деп жазады tengrinews.kz.

Telegram-арналар мәліметінше, ер адам болжам бойынша 1995 жылы туған тұрғынға бірнеше пышақ жарақатын салған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Алматы облысының Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлады.
"Полиция адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр" - деп түсіндірді ведомство.