Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады.
Алматы облысында педофил мас күйінде төрт жасар қызды зорлап кетті.
Осы оқиға туралы бірінші болып құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазған.
"Есік қаласында төрт жасар (нақты жасы 3 жыл 11 ай - Sputnik) қызды зорлап кетті. Оны анасының ағалары жасады деген болжам бар. Әйелдің өзі дүкенге шығып кеткен. Балаға шұғыл ота жасалды. Тергеу шаралары басталды. Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа тыйым салатын заңдардың болмауы қоғамның азып-тозуына әкеліп соқтырады", - деп жазды Таңсәрі.
Облыстық полиция департаменті кішкентай баланы зорлау фактісін растады.
13 сәуірде Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі тергеу шараларын бастады. 43 жастағы күдікті қамауға алынды. Ол – Қызылорда облысының тұрғыны.
Ер адам балаға туыс болып келетін адамның танысы болып шықты. Сол үйде бірнеше күн бойы жатқан.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті мас күйде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 12-бабы, 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылып жатыр. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды", - дейді полицейлер.
Облыстық полиция депаратментінің басшылығы қылмыстық істі жеке бақылауда ұстап отыр.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері аймақта кәмелет жасқа толмаған балаларды зорлаудың 10 фактісі анықталды.