Ескерту: Алматыда күн 36 градусқа дейін ысиды

0
412

26 маусым күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі.


Ескерту: Алматыда күн 36 градусқа дейін ысиды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті аптап ыстыққа байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп жазады inform.kz.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 26 маусым күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі.

Осыған байланысты Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынып отыр:

— Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз;
— Сағат 12:00–ден 16:00–ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болатынын ұмытпаңыз. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
— Алкогольді ішімдік ішпеңіз — алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
— Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
— Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
— Көлікпен ұзақ сапарларға шықпаған абзал.