Оны екінші деңгейдегі банктерде және Ұлттық банкте жаңасына ауыстырып алуға болады.
ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық банкі 2020 жылдың 10 маусымында 2006 жылы шыққан 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салды, деп жазады zakon.kz.
Қазіргі уақытта, 2006 жылғы 500 теңгелік банкноттар жаңасымен бірге ақша айналымда жүр, ол заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында төлемдер мен ақша аударымдары үшін қабылдануға тиіс.
2020 жылдың 10 маусымына дейін төлем құралы ретінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Банкнот пен монеталарды қабылдайтын заңды төлем құралы автоматтар да ескі 500 теңгелікті қабылдаудан бас тартуы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соғады, деп хабарлады Ұлттық банктегілер.