Еріктілер туыстары немесе бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса хабарласуын сұрайды.
ERNUR.KZ. Ақтаудағы Lider.kz еріктілер қозғалысы мәліметінше, 10 қаңтарда облыстық ауруханаға ер адам жедел жәрдеммен жеткізілген, деп жазады tengrinews.kz.
"Біраз уақыттан кейін ол комадан шықты. Өкінішке қарай, ер адам сөйлемейді және ештеңе есінде жоқ", - делінген жазбада.
Еріктілер туыстары немесе бұл адам туралы қандай да бір мәлімет білетіндер болса хабарласуын сұрайды.
Мына нөмірлерге хабарласу сұралады: 8 (700) 499-72-92; 8 (700) 911-72-92.