Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Шарль Мишель 26-27 қазанда Астанаға келеді.
ERNUR.KZ. Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишель қазан айының соңында Қазақстан мен Өзбекстанға баратынын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Шарль Мишель 26-27 қазанда Астанаға келеді.
28 қазанда ол Өзбекстанға барып, президент Шавкат Мирзиеевпен келіссөздер жүргізеді.
"ЕО Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытып, өңірлік ынтымақтастықты қолдауға дайын", - деп жазды Мишель Twitter-де.