Фаланг-өрмекшілері Ақтау тұрғындарының зәре-құтын қашырды

0
1 980

Адамды көрген кезде олар қашпай, керісінше соған қарай жүгіреді.


Фаланг-өрмекшілері Ақтау тұрғындарының зәре-құтын қашырды

ERNUR.KZ. Ақтаулықтар тұрғындардың үйлеріне кіріп, жұртты шошытатын фаланг-өрмекшілерінің санына шамданып отыр. Тұрғындардың сөзінше, өрмекшілер тек қала сыртында емес, орталықта да көбейіп келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұрын фаланг өрмекшілерді тек жазық далада кезіктіруге болатын. Бірақ соңғы кездері адамдар оларды өз үйлерінен байқай бастады.

Тұрғындардың бірі Александр Носов ас үйде су ішуге тұрғанда өрмекшіні көргенін айтты.

Ер адам жарықты қосқан кезде жәндіктің ас бөлмедегі үстел үстінде жүргенін көріпті. Оны байқап қалған өрмекші қашпай, керісінше Александрға ұмтылған. Абдырап қалған ақтаулық тұрғын не істерін білмей ойланғанша жәндік газ плитасының артына жасырынып үлгеріпті.

"Шақырылмаған қонақтан" құтылу үшін Александр ас үйде екі сағат бойы отырып, өрмекшіні күткен. Ер азаматтың сөзінше, жәндіктің пішіні үлкен болыпты.

Басқа бір тұрғын өз үйінен төрт бірдей буын аяқтыны тауып алғанын айтты. Ал оларыдң біреуі балалар жатқан бөлмеге кіріп алыпты.

Әйел адамның күйеуі мен үлкен ұлы сол кезде үйде болған. Олар жәндіктің көзін бірден жойды.

Фалангалар өте шапшаң қозғалып, жоғары секіре алады. Адамды көрген кезде олар қашпай, керісінше соған қарай жүгіреді. Аталған өрмекшлер табиғатынан улы болмаса да, адам үшін қауіпті болып есептеледі. Олар шағу арқылы қанға түрлі ауру жұқтыруы мүмкін. Себебі денелерінде жеген тамақтарының қалдықтары қалып, біраз уақыттан кейін шіри бастайды.

КТ “Гигиенист” директоры Ольга Смирнова өрмекшілердің тек қала тұрғындарына ғана емес, өндірістік кәсіпорындарға да қолайсыздық тудырып жатқандарын айтты. Жәндіктердің көзін жою үшін олар дезинфекциялық қызметтің мамандарын шақыртып жатыр. Маманның сөзінше, өрмекшілердің басым бөлігі ағаш көп жерде кездеседі екен. Олар қалаға дауылды жел тұрғанда келіп жеткен болуы керек. Себебі жел өрмекшілердің жұмыртқасын үлкен қашықтыққа тарата алады.

Маман кем дегенде бір өрмекші анықталса, барлық жерді тазартқан дұрыс. Себебі жақын жерде оның ұясы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Экологтар өрмекшілердің тарауына жазық даладағы құрылыс жұмыстары мен өрмекшілерді қорек ететін кесірткелердің азайғаны себеп болуы ықтимал екенін хабарлады.

Сондай-ақ, қалаға оларды жазық далада вахталық жұмыста істейтін адамдар әкелуі мүмкін.