Клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде "ҚазАгроҚаржы"АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет.
© Photo : акимат СКО
ERNUR.KZ. Биыл "ҚазАгроҚаржы" фермерлерді 200 млрд теңгеге қаржыландырады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
24 ақпаннан бастап "ҚазАгроҚаржы" АҚ 200 млрд теңгеге 5% мөлшерлемемен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды бастайды.
"Жеңілдетілген лизинг" бағдарламасы қазақстандық өндірістің ауыл шаруашылығы техникасының кең спектрін қамтиды.
Өтінімдерді қабылдау 24 ақпанда сағат 10:00-ден бастап Telegram-бот арқылы басталады. Клиент өтінім бергеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде "ҚазАгроҚаржы"АҚ филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет.