20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алған болатын.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы зауытта болған апат кезінде зардап шеккендердің видеосы пайда болды, деп жазады stan.kz.
Видеода денесін күйік шалған металургтер ауруханаға жедел жәрдеммен емес, қарапайым “Газельмен” жеткізілгені көрінеді. Желіде тараған бейнежазбадан ер адамдардың бірі шок жағдайда отырғанын, енді бірі жарақаты қатты ауырсынғаннан ыңырсып отырғанын байқауға болады.
Өнеркәсіптегі төтенше жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу) сай қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған.
Бұған дейін Қарағандыдағы компания зардап шеккендерге көмектесу үшін Ресей мен Түркиядан дәрігерлер алдырған еді.