Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

0
572

Елдің мемлекеттік қарызы салыстырып отырған елдердің жартысының қарыз деңгейінен төмен екендігі хабарланды.


Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

ERNUR.KZ. Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам "Тұрақты", деп жазады sputnik.kz.

Сыртқы күйзелістерге тұрақтылықты көрсеткен қуатты фискалдық және сыртқы теңгерімдер Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар болып саналады.
Сарапшылардың пікірінше, қаңтар оқиғаларынан, Ресей-Украина қақтығысынан және Ресейге қарсы санкциялардан кейін туындаған сын-қатерлер негізгі экспорттық тауарлардың жоғары бағаларымен және Теңіз кен орнында 2023 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің ұлғаюымен жеңілдетілді.
Fitch 2023 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығың төмендеуін және Ұлттық қордан бюджетке трансферттер мөлшері 2021 жылғы деңгейден 58%-ке дейін қысқарады деп болжайды, бұл үкіметтің жалпы ішкі өнімінің 30% шегінде Ұлттық қор мөлшерін қолдау жөніндегі стратегиясына сәйкес келеді.
Елдің мемлекеттік қарызы салыстырып отырған елдердің жартысының қарыз деңгейінен төмен екендігі хабарланды. Fitch болжамы бойынша Қазақстанның елеулі сыртқы резервтері сыртқы таза кредитор мәртебесін сақтауға көмектеседі.
Сонымен қатар агенттік өз есебінде Қазақстанның банк секторының тұрақты жұмысын да атап өтті.