Форвардтық шарттар жасау мүмкіндігі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі кеңейтілді

0
658

Осы мақсатқа ӘКК қаражаты бағытталуы мүмкін.


Форвардтық шарттар жасау мүмкіндігі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі кеңейтілді

ERNUR.KZ. Форвардтық шарттар жасау мүмкіндігі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі кеңейтілді, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Қызылорда облысында Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша республикалық кеңесте айтылды.

Талқылауға мүдделі орталық, облыстық мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков форвардтық сатып алудың жаңа тетіктері туралы баяндады. Атап айтқанда, форвардтық шарттар жасау мүмкіндігі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімін кеңейту туралы сөз болды. Тізім қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, ұн және қантпен толықтырылды.
Вице-министр күріш, қарақұмық жармасы және күнбағыс майы бойынша күзгі егін шикізатын сатып алу үшін өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыруды жүзеге асыру ұсынылатынын түсіндірді. Осы мақсатқа ӘКК қаражаты бағытталуы мүмкін.
«Бұл бағдарламаға сауда желілерінің орнына көбірек өндірушілерді тарту және делдалдарды алып тастау үшін үлгілік қағидаларда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландырудың 70% бағыты бойынша талаптар белгіленген.
Осылайша, ағымдағы мемлекеттік қолдау шараларымен қатар форвардтық сатып алу тетігі фермерлерге болашақта жеңілдетілген қаржыландыруға қол жеткізуге және өз өнімдерін кепілдікпен сатуға мүмкіндік береді.
Жалпы, АӨК-ті мемлекеттік қолдау көлемі жыл сайын артып келеді. Биыл саланы субсидиялауға 400 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, мемлекет бірқатар тауар топтарын өндіруге кететін шығындарды арзандатады», - деп атап өтті Ербол Тасжүреков.
Айта кетейік, вице-премьер Қызылорда облысына сапары аясында өңірдің агросектор нысандарын аралады. Делегация күріш өндіретін кәсіпорындар, наубайханалар мен су шаруашылығы нысандарына барды.