Фотошоппен тұрғын үйге ту ілген әкімдіктің әрекетіне түсініктеме берілді

0
621

​Алматы облысының Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық округінің әкімдігі көпқабатты тұрғын үй терезесіне неліктен фотошоппен ту ілгенін түсіндірді.


Фотошоппен тұрғын үйге ту ілген әкімдіктің әрекетіне түсініктеме берілді

ERNUR.KZ. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, ауылдық округтегі маманның кішкентай ғана қателігі осыншалық шуға ұласқан, деп жазады Экспресс К.

Талғар аудандық әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жағдайдың қалай болғаны түсіндірілген.

Терезедегі ту акциясы жоспарланып, әкімдік қызметкері көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен алды ала келіскен. Бірақ дәл сол күні олар үйлерінде болмай қалды. Соған байланысты маман осындай әрекетке барып отыр, - деп жазылған ақпаратта.


instagram.com/talgar_akimat

Сонымен қатар, акцияға алдамшы суретпен атсалысқан маман 5 минуттан кейін әлеуметтік парақшадағы фотоны өшірген. Бірақ ол кезде фотошоп ғаламторды шарлап кетті.

Әкімдікте "әйтеуір акцияны өткіздік қой" дейтін алдамшы әрекетке барған маманға ешқандай сөгіс жасалмайтындығы айтылған. Ол өз кінәсін мойындапты.

"Көк туымыз көрініс тапқан тәтті қаптамалар қоқыста жатса да мән бермейтін БАҚ-тың болмашы жайтқа бұлайша шулап кетуі қатты таңғалдырды, - деген ренішін де осы ақпаратқа сыйғызыпты әкімдік.

Бұған дейін Панфилов ауылдық округінің әкімдігі фотошоппен бірнеше тудың суретін тұрғын үй терезесіне ілгені туралы жазылған болатын.